«Реал» Мадрид - «Реал Сосьедад» - 4:4. Сегіз голдық триллер! Голдар және матчқа бейнешолу


Сәуірдің бірінен екісіне қараған түні «Реал» Мадрид пен «Реал Сосьедад» (4:4) арасындағы Испания Кубогының жартылай финалдық қарымта ойыны өтті.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Командалар ойынды баяу қарқынмен бастап, бірінші таймда бір-бір голдан ғана алмасты. Ашық футбол 70-минуттан кейін басталды – алдымен басктар екі рет қақпаны дәл көздеп, алғы шықты. «Бланкос» төрт минуттың ішінде екі голмен жауап беріп, финалда өз орнын қамтамасыз ете жаздады. Бірақ соңғы сөз «Сосьедадтың» еншісінде қалды - қонақтардың капитаны Микел Оярсабаль қосымша уақыт кезінде төртінші голды соғып, ойынды овертаймдарға дейін ұзартты. Ал матчтың соңғы нүктесін Антонио Рюдигер 115-минутта қойды.
Осылайша, Анчелоттидің шәкірттері тартысты матчта Кубоктың финалына жолдама алды. Финалда олар «Атлетико» - «Барселона» кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.
Испания Кубогы. Жартылай финал. Екінші сәуір
«Реал» Мадрид - «Реал Сосьедад» - 4:4 [алғашқы матч 1:0]
Голдар: Эндрик, 30, Беллингем, 82, Тчуамени, 86, Рюдигер, 115 - Барренечеа, 16, Алаба, 72 (автогол), Оярсабаль, 80, 90+3.
Матчқа бейнешолу:

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19