locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Карло Анчелотти төрт жыл түрмеге қамалуы мүмкін

ФОТО: gettyimages.com

«Реал Мадридтің » «Реал Сосьедадты» Испания Кубогының жартылай финалында жеңісінен 12 сағаттан кейін Карло Анчелотти Мадридте сотқа келді.

65 жастағы итальяндық маман 2013-2015 жылдары «Реалда» жұмыс істеген кезде имидж құқықтарынан түсетін табысты салық декларациясында көрсетпеген деп айыпталуда. 2020 жылы оған 1 миллион евроға жуық салық төлемегені үшін айып тағылды, Испания прокуратурасы оған 4 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруды және 3,2 миллион евро көлемінде айыппұл салуды талап етті.

Анчелотти сотта «Реал» оған имидж құқықтары үшін жалақысының бір бөлігін қарыз ретінде төлеуді ұсынғанын, бірақ ол барлық соманың келісілген 6 миллион евро таза жалақысына қосылатынын түсінгенін айтты.

Сот отырысында ол салық органдарына бір жарым млн евро төлегені белгілі болды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie