locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» - Кубок финалында! Мадридтіктер «Сосьедадпен» 120 минуттық шиеленісті драмада келесі кезеңге жолдама алады

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Сәуірдің бірінен екісіне қараған түні «Реал» Мадрид пен «Реал Сосьедад» арасындағы Испания Кубогының жартылай финалдық қарымта ойыны өтті.

Голдар және матчқа бейнешолу

Текетірестің қарымта ойыны «Реал» Мадридтің стадионына түсті. Кездесудің негізгі уақыты 3:4 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ал екінші қосымша таймда мадридтіктер қарсыластарынан айласын асырып, шешуші голды соқты.

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Турнирдің үздік бомбардирі Эндрик, Беллингем және екі қорғаныс ойыншысы, Тчуамени мен Рюдигер «бланкос» үшін гол салды. Ал Сан-Себастьян командасының сапынла Барренечея ерекшеленді, Оярсабаль екі рет допты қақпаға бағыттады, ал Давид Алаба қарсыластардың пайдасына ойнады.

Осылайша Мадридтік «Реал» Король кубогының финалына шығып, онда «Атлетико» - «Барселона» кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. Параллельді жартылай финал сәуірдің екінсінен үшіншісіне қараған түні өтеді, оның бірінші ойыны да 4:4 есебімен тең аяқталған болатын.

Испания Кубогы. Жартылай финал. Екінші сәуір

«Реал» Мадрид - «Реал Сосьедад» - 4:4 [алғашқы матч 1:0]

Голдар: Эндрик, 30, Беллингем, 82, Тчуамени, 86, Рюдигер, 115 - Барренечеа, 16, Алаба, 72 (автогол), Оярсабаль, 80, 90+3.

«Реал» Мадрид: Лунин - Васкес (Модрич, 79), Асенсио (Диас, 106), Алаба (Рюдигер, 91), Камавинга (Гарсия, 91) - Вальверде, Тчуамени, Беллингем - Родриго (Гюлер, 106), Винисиус, Эндрик (Мбаппе, 66).

«Реал Сосьедад»: Ремиро - Арамбуру (Траоре, 79), Субельдиа, Агуэрд (Элустондо, 27), Муньос - Сучич, Субименди, Марин (Оласагасти, 91), - Кубо (Марьескуррена, 106), Оярсабаль (Оскарссон, 106), Берренечеа (Гомес, 68).

Ескертулер: Камавинга, 90+2 - Арамбуру, 74, Оярсабаль, 87, Оласагасти, 106

ФОТО: ФК Реал Сосьедад
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie