«Реал» Мадрид - «Пачука» - 3:1. Куртуаның керемет сейвтері және он адаммен жеткен жеңіс. Голдар және матчқа бейнешолу
Маусымның 22-нен 23-не қараған түні клубтар арасындағы әлем чемпионатының Н тобындағы мадридтік «Реал» мен «Пачука» (3:1) арасындағы екінші тур ойыны өтті.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ойынның жетінші минутында мексикалық клубтың шабуылшысы Рондон Тибо Куртуамен бетпе-бет шығуы мүмкін еді, бірақ мадридтік қорғаушы Рауль Асенсио оны айып алаңының жанында құлатып, тікелей қызыл қағаз алды.
Матчтың 35-минутында мадридтіктердің жартылай қорғаушысы Джуд Беллингем айып алаңында допты қабылдап, қақпаның төменгі бұрышына дәл тепті. Бар болғаны сегіз минуттан кейін мадридтік «Реалдың» түрік шабуылшысы Арда Гюлер «Пачуканың» қақпашысынан айласын асырып, есепті еселеді.
70-минутта Феде Вальверде мен Браим Диас айып алаңында тамаша пас алмасып, командасының үшінші голын соқты. Тура 10 минуттан кейін мексикалық клубтың қорғаушысы Элиас Монтиэль Куртуаның «құрғақ» матч өткізу жоспарын бұзды - бельгиялық қақпашы тоғыз сейвтен кейін бірінші голды жіберіп алды.
Нәтижесінде мадридтік команда 3:1 есебімен клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Н тобы. 2-тур. 23 маусым
«Реал» Мадрид (Испания) - «Пачука» (Мексика) - 3:1
Голдар: Беллингем, 35, Гюлер, 43, Вальверде, 70 - Монтиэль, 80.
Қызыл қағаз: Асенсио, 7 (мадридтік «Реал»)
Қызыл қағаз. Асенсио, 7 мин.
Гол. Беллингем, 35 мин.
Гол. Гюлер, 43 мин.
Гол. Вальверде, 70 мин.
Гол. Монтиэль, 80 мин.