Рауль Асенсио Реал мен Испания құрамасының тарихына ене алады
Футбол
Азат Максутбек
ФОТО: Getty images
"Реалдың" орталық қорғаушысы Рауль Асенсио Испания құрамасына Нидерландыға қарсы Ұлттар лигасының ширек финалдық матчына шақырылды. Егер ол алаңға шықса, онда ол "Реалдың" қазіргі ойыншысы бола отырып, тоғыз жыл ішінде "Мадрид" клубының ұлттық құрамада дебют жасаған алғашқы тәрбиеленушісі болады.
Мұндай соңғы футболшы 2016 жылы Лукас Васкес болды. Содан бері “Реал Мадридтің” тәрбиеленушілері ұлттық құрамада дебют жасады, бірақ басқа клубтардың атынан шықты (мысалы, Хоселу мен Фран Гарсия).
Осы кезеңде Испания құрамасында "Барселонаның" жеті ойыншысы, соның ішінде Гави, Ламин Ямаль және Алехандро Балде дебют жасады.