locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мората үшін тарихи кеш: испандық бірегей жетістікке қол жеткізді

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Мората үшін тарихи кеш: испандық бірегей жетістікке қол жеткізді
ФОТО: Getty images

Наурыздың 20-нан 21-не қараған түні Роттердам қаласындағы “Де Кёйп” стадионында УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалы аясында Нидерланд пен Испания құрамалары алғашқы ойынын өткізді. Қарсыластар өте тартысты ойын көрсетіп, тең тарқасты(2:2).

Бұл кездесуде Альваро Мората ерекше оқиғаға себепкер болды. Испания құрамасының шабуылшысы ұлттық команда тарихындағы жаңа белесті бағындырды. Қазіргі таңда “Галатасарай” намысын қорғап жүрген Мората Испания құрамасы сапында алты түрлі клубтың ойыншысы ретінде алаңға шыққан тұңғыш футболшы атанды.

Ең қызығы – сол клубтардың төртеуі шетелдік командалар. Осылайша, Мората бұл жағынан да рекорд орнатып, Пабло Сарабияны (3 клуб) басып озды.

Моратаның Испания құрамасы сапындағы клубтық өкілдігі: “Ювентус” — 36 ойын; “Атлетико” — 30 ойын; “Челси” — 7 ойын; “Реал” — 7 ойын; “Милан” — 4 ойын; “Галатасарай” — 1 ойын.

Айта кетейік, Альваро Мората 2025 жылдың ақпанында “Миланнан” “Галатасарай” клубына жалға ауысты.

Испания мен Нидерланд арасындағы жауапты матч наурыздың 23-нен 24-не қараған түні өтеді. Жартылай финал жолдамасының тағдыры дәл сол ойында шешіледі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie