locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Матчтың керемет аяқталуы. Нидерланд құрамасы ойынның соңында Испаниядан жеңісінен айырылды

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Матчтың керемет аяқталуы. Нидерланд құрамасы ойынның соңында Испаниядан жеңісінен айырылды
ФОТО: Getty Images

УЕФА Ұлттар лигасының ширек финалындағы Нидерланд пен Испания құрамаларының арасындағы алғашқы ойын аяқталды.

Голдар мен матчқа бейнешолу

  • Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!

Ойын Еуропаның қазіргі чемпиондарының ерте голымен басталды, 9-минутта Нико Уильямс есеп ашты. Бірақ гол соққан соң көп ұзамай “қызыл фурия” босаңсып, сол үшін опық жеп қалды. Гакпо бірінші таймның ортасында есепті теңестірсе, екінші таймның басында Рейндерс командасын алға шығарды. Ойынның ең соңында Йоррел Хато өрескей қателік жасап, тікелей қызыл қағаз алып қалды. Испандықтар бұл мүмкіндікті жібермеді. Қосымша уақытта уақытта 84-минутта алаңға шыққан Микель Мерино гол соғып, есепті теңестірді.

Осылайша, Рональд Куманның шәкірттері Испания құрамасынан жеңістен айырылып қалды. Қарымта ойын 24 наурыз күні “Месталья" стадионында өтеді.

Ұлттар лигасы. Ширек финал. 21 наурыз

Нидерланд - Испания - 2:2

Голдар: Гакпо 23, Рейндерс, 46 - Уильямс, 9, Мерино, 90+3.

Қызыл қағаз: Хато, 82 (Нидерланд).

ФОТО: SEFutbol
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie