Рафинья «Барселона» мен «Ньюкасл» ойыны алдындағы жағдайы туралы айтты
«Барселона» вингері Рафинья УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Ньюкасл Юнайтед» командасына қарсы маңызды матч алдында өзінің физикалық жағдайымен бөлісті.
Бразилиялық футболшының айтуынша, команданың тығыз кестесіне қарамастан, өзін жақсы сезінеді. Ол жақында алған кішігірім жарақатына байланысты қалпына келуге көбірек уақыты болғанын атап өтті.
«Мен кей жігіттердей қатты шаршаған жоқпын. Дегенмен, жеңіл жарақат алған соң біраз тынығып алуға мүмкіндік болды. Қазір өзімді жақсы сезініп тұрмын. Әрине, соңғы ойыннан соң шаршау бар – бұл өте ауыр матч болды, бұл – қалыпты жағдай», – деп жеткізді футболшының сөзін инсайдер Фабрицио Романо келтіреді.
Испания чемпионатындағы «Атлетик Бильбаоға» қарсы алдыңғы ойында бразилиялық ойыншы кездесуді қосалқы құрамда бастады. Ол алаңға 62-минутта шығып, шабуылшы Маркус Рэшфордты алмастырды. Сол матч «Барселонаның» минималды жеңісімен аяқталды – 1:0.
Келесі матчта «Барселона» 10 наурыз күні «Ньюкасл Юнайтедке» қарсы ойнайды. Астана уақытымен старттық ысқырық 01:00-де шалынады.
Сондай-ақ, «Ньюкасл» бас бапкері «Барселонаға» қарсы ойынды тағатсыздана күтуде.
