ПСЖ голды қарша боратты. Париждіктер бес гол соғып, Чемпиондар Лигасында «Тоттенхэмді» тас-талқан етті
27 қарашаға қараған түні Париждің ПСЖ командасы турдың ең көркем матчтарының бірін өткізді. «Тоттенхэмге» қарсы ойын нағыз голдар аттракционына айналып, Луис Энрике шәкірттері қарсыласын 5:3 есебімен ұтты.
Матчтың алғашқы жартысы лондондықтардың пайдасына өрбіді: 35-минутта Андраде орталықта жоғалған допты тиімді пайдаланып, париждіктерді жазалады. Алайда ПСЖ нағыз топ-клуб ретінде төтеп берді. Үзіліске санаулы сәт қалғанда Витинья таразы басын теңестірді, ал үзілістен кейін бірден дубль жасап, команданы алға шығарды.
«Тоттенхэм» де намысты қолдан бермеді - Муани қателікті кешірмей, есепті қысқартты. Бірақ ойынның екпіні толықтай ПСЖ жағына ауысты. Екінші таймның ортасында париждіктер қарсыласты қыспаққа алып, шабуыл үстіне шабуыл жасады. Руис айып алаңына еніп, үшінші голды соқты, артынша Пачо төртінші голды тіркеді. Витинья өз шоуын пенальтиден хет-трикпен түйіндеді.
Тіпті Эрнандестің қосымша уақытта алған қызыл қағазы да алаң қожайындарының жеңісіне әсер ете алмады - ПСЖ басымдығын сенімді түрде сақтап қалды.
Чемпиондар Лигасы. 5-тур
ПСЖ – «Тоттенхэм» – 5:3 (1:1)
Голдар: Андраде, 35 — Витинья, 45, 53, 75 (п), Руис, 59, Пачо, 65 — Муани, 50, 72
Алаңнан қуылды: Эрнандес, 90+3
Париждіктердің ЧЛ-дағы келесі қарсыласы - 11 желтоқсанда өтетін «Атлетик» командасы.