locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Энрике Дембеленің «Тоттенхэмге» қарсы матчқа қатысуы мүмкін екенін айтты

Бірақ оның жағдайын жіті бақылап, асықпау қажет
Футбол
Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Энрике Дембеленің «Тоттенхэмге» қарсы матчқа қатысуы мүмкін екенін айтты
ФОТО: Getty Images

Алтын доп иегері Усман Дембеле Чемпиондар лигасының соңғы матчында «Баварияға» қарсы ойында жарақат алған еді, сол себепті ПСЖ сапынан қатарынан екі кездесуге шыға алмады. Енді алдағы еурокубоктық ойын – «Тоттенхэмге» қарсы матчта оның алаңға шығу мүмкіндігі артып отыр.

ПСЖ бас бапкері Луис Энрике Дембеленің қалыпты жаттығу өткізіп жатқанын айтып, «шпорларға» қарсы ойында оның алаңға шығу ықтималдығы жоғары екенін жеткізді. Дегенмен, түпкілікті шешім ойын күні қабылданады.

«Ол жақсы жаттықты. Ертең көреміз. Егер ешқандай қиындық туындамаса, ол құрамда болады», — деді Энрике журналистерге.

Бұған дейін клуб футболшының денсаулығына қауіп төндіргісі келмейтінін және оның алаңға шығу туралы шешімі өте мұқият қабылданатынын хабарлаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie