locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

2025 жылғы «Алтын доп» иегері алаңға оралуға жақын

Усман Дембеле Тоттенхэмге қарсы ЧЛ матчында ПСЖ құрамында болады
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
2025 жылғы «Алтын доп» иегері алаңға оралуға жақын
ФОТО: Getty Images

2025 жылғы «Алтын доп» иегері Усман Дембеле жарақатынан кейін алаңға қайта оралуға жақын.

Дембеленің сәрсенбі, 26 қараша күні өтетін Чемпиондар лигасындағы «Тоттенхэмге» қарсы кездесуде ПСЖ құрамында болатындығы күтілуде.

Париждік клубтың өкілдері ойыншы жақын арада өтетін медициналық тексеруден соң-ақ, осы демалыста-ақ алаңға оралуы мүмкін деп санайды. Дегенмен, клуб басшылығы футболшының денсаулығына қауіп төндіруден аулақ болмақ.

Биылғы маусымда 28 жастағы шабуылшы клуб деңгейінде тоғыз матч өткізіп, үш гол соқты.

Бұған дейін «ПСЖ» мен «Марсель» Франция Суперкубогын Кувейтте өткізетіні хабарланған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie