locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚПЛ 6-турының үздіктер құрамасы: Шайзада қақпада және шабуылда «Астанының» дуэті

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ҚПЛ 6-турының үздіктер құрамасы: Шайзада қақпада және шабуылда «Астанының» дуэті
ФОТО: ФК Ордабасы

Sofascore статистикалық сайты футболшылардың орташа рейтингі бойынша Қазақстан Премьер-лигасының 6-турының үздіктер командасын жариялады.

Порталдың мәліметінше, 6-турдың үздік ойыншысы болып «Тобылдың» қақпасына жеңіс голын соғып, қиын кездесудің қаһарманына айналған «Қызылжардың» жартылай қорғаушысы Дарко Зорич танылды. Бекхан Шайзада үздіктер құрамының қақпасынан орын алды. Қазақстандық қақпашы оңтүстік дербиде «Тұранмен» (1:0) өткен кездесуде пенальтиді қайтарып, бес сейв жасады. Ал шабуылдың оң қанаты мен форвард орнын «Астаналық» Джеффри Ченеду мен Усман Камара дуэті иеленді. «Атырауға» қарсы ойында Ченеду дубль жасаса, Камара оған бір пас берді.

ҚПЛ 6-турының үздіктер құрамасы:

Қақпашы: Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Антич («Ордабасы»), Козленко («Қызылжар»), Барбоса («Атырау»), Одеоибо («Елімай»);

Жартылай қорғаушылар: Камара («Астана»), Жарынбетов («Қызылжар»), Думбия («Ақтөбе»), Зорич («Қызылжар»);

Шабуылшылар: Мулич («Елімай»), Ченеду («Астана»);

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie