locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ордабасы» оңтүстік дербиінде жеңіске жетті: Эвертон тағы да жеңіс голын соқты

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Ордабасы» оңтүстік дербиінде жеңіске жетті: Эвертон тағы да жеңіс голын соқты
Фото: Ордабасы ФК

27 сәуір күні Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы туры аясында Шымкентте «Ордабасы» мен Түркістанның «Тұран» командалары арасындағы оңтүстік дерби өтті. Тартысты өткен ойында алаң иелері минималды есеппен жеңіске жетті.

Кездесудегі жалғыз голды 44-минутта бразилиялық шабуылшы Эвертон соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлады. Бұл оның қатарынан екінші жеңісті голы болды.

Қазақстан Премьер-лигасы. 6-тур
«Ордабасы» – «Тұран» – 1:0
Гол: Эвертон, 44 (1:0).

Бұл - «Ордабасы» үшін қатарынан екінші минималды жеңіс. Шымкенттік команда осы жеңістен кейін 8 ұпай жинап, турнирлік кестеде сегізінші орынға көтерілді. Ал «Тұран» 7 ұпаймен тоғызыншы сатыға сырғыды.

Келесі турда, 3-4 мамыр күндері, «Ордабасы» сырт алаңда «Атыраумен» кездессе, «Тұран» өз алаңында «Жетісуды» қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie