Петропавлда тең нәтиже: «Қызылжар» мен «Ақтөбе» ұпай бөлісті
Футбол
14 мау 2025
11:14

Аружан Темірбек
Редактор

ФОТО: kff league
Қазақстан Премьер-лигасының 12-турында Петропавлда өткен ойында «Қызылжар» мен «Ақтөбе» командалары жеңімпазды анықтай алмады. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды.
69-минутта Оралхан Өміртаев есеп ашып, қонақтарды алға шығарды- 0:1. Алайда алаң иелері соңғы сәттерде жанкештілік танытып, таразы басын теңестірді - 86-минутта Артем Васильев гол соғып, матчқа нүкте қойды.
ҚПЛ. 12-тур
«Қызылжар» – «Ақтөбе» – 1:1 (0:0)
Голдар: Васильев 86’ — Өміртаев 69’
Осы нәтижеден кейін «Ақтөбе» 26 ұпаймен турнир кестесінде 3-орынға көтерілді. Ал «Қызылжар» 14 ұпай жинап, 8-орында тұр.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек