locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қарсыластың нақты қауіпті сәттері болған жоқ». «Ақтөбе» бапкері «Қызылжарға» қарсы тең ойын жайлы

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қарсыластың нақты қауіпті сәттері болған жоқ». «Ақтөбе» бапкері «Қызылжарға» қарсы тең ойын жайлы
ФОТО: Ақтөбе ФК

«Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері Вячеслав Левчук Петропавлда өткен 12-турдағы «Қызылжарға» қарсы ойынды (1:1) қорытындылап, командасының соңғы минуттарда жиі гол жіберу себебі туралы пікір білдірді. Маман өз сөзінде нәтижені әділетті деп санамайтынын айтып, ойыншылардың шоғырлана алмауын басты мәселе ретінде атап өтті.

«Екінші матч қатарынан сан басымдығына ие болып, бірінші болып есеп ашамыз, бірақ кейін өзімізге өзіміз гол соғып жатқандай боламыз. Бүгін - тең ойын. Қызылжардың біздің қақпаға дейін нақты қауіпті сәттері болған жоқ. Шынын айтсам, гол соққанға дейін біздің қақпамызда өткір шабуылдарды есіме де түсіре алмай отырмын. Матчтың соңына таман Андрей қақпаны аман сақтап қалды — ол үшін алғыс айтамын. Әйтпесе жеңіліп қалуымыз да мүмкін еді», — деді Левчук.

Бапкер ойынның соңғы минуттарында гол жіберу қалыпты жағдайға айналып бара жатқанын мойындады:

«Егер команда үш ойын қатарынан соңғы минуттарда гол жіберсе, бұл жай ғана сәйкестік емес. Бұл — менің де жауапкершілігім. Демек, бір жерде жеткілікті жұмыс істемедік, шоғырлану жетіспейді. Қазірше жағдай осындай».

Сондай-ақ, маман құрамдағы жарақат мәселесіне де тоқталды:

«Қазіргі уақытта жарақат алған ойыншыларымыз толып тұр. Сейдахметтің оңалу кезеңі әлі созылып жатыр — нақты неге екені түсініксіз. Әлібек кем дегенде тағы екі апта бойы жалпы топпен жаттыға алмайды. Әділхан Тәнжариков бір аптада қатарға қосылады деп үміттенеміз. Амаду шағын демалыстан оралды, бірақ дене қызуы 38 градус. Мұндай жағдайда оны ойынға қосу - орынсыз әрі қауіпті».

Қазіргі таңда «Ақтөбе» 26 ұпаймен турнирлік кестеде үшінші орында келеді. Алайда соңғы минуттардағы сәтсіздіктер түзетілмесе, команда жоғарғы орындар үшін күресте қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie