locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Қызылжар» – «Ақтөбе» – 1:1. Ойын соңындағы драма. Голдар және матчқа бейнешолу

Футбол 14 мау 2025 13:36
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қызылжар» – «Ақтөбе» - 1:1. Ойын соңындағы драма. Голдар және матчқа бейнешолу
Фото: Ақтөбе ФК

14 маусым күні Петропавл қаласында Қазақстан Премьер-лигасының 12-тур аясындағы маңызды кездесу өтті. Жергілікті «Қызылжар» өз алаңында турнир кестесінің үздіктерінің бірі - «Ақтөбені» қабылдады. Ойын жоғары қарқында өтіп, қос тарап 1:1 есебімен тең тарқасты.

Алғашқы таймда екі команда да белсенді ойнап, бірқатар қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Алайда қақпашылар мен қорғаушылар сенімді ойнап, есеп ашылмады.

Екінші таймда ойын көрігі қыза түсті. 69-минутта «Ақтөбенің» шабуылшысы Оралхан Өміртаев айып алаңындағы қарбаласты сәтті пайдаланып, есепті ашты- 0:1. Қонақтар жеңіске бір табан жақын тұрғандай көрінді.

Дегенмен, алаң иелері соңына дейін күресті тоқтатпады. 86-минутта Артём Васильев дәл соққымен таразы басын теңестіріп, жанкүйерлерін қуантты - 1:1.

Қалған минуттарда ойын одан әрі шиеленісе түсті, бірақ есеп өзгермеді. Бұл нәтиже «Ақтөбеге» турнирлік кестеде үшінші орнын сақтап қалуға мүмкіндік берсе, «Қызылжар» 14 ұпаймен сегізінші орында қалды.

Назарларыңызға, осы тартысты кездесудің толық шолуын ұсынамыз.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie