«Оқжетпес» - «Ақтөбе» - 1:3. Жайро Жанның жеңіс әкелген дублі! Голдар және матчқа бейнешолу


Қазақстан Премьер-лигасының 9-тур бағдарламасы 17 мамырда Көкшетауда өткен ойынмен басталды – жергілікті «Оқжетпес» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады (1:3).
Ойын алаң иелерінің жылдам голымен басталды – 14-минутта Тимур Досмағамбетов өткір бұрыштан айып соққысынан допты қақпаға дәл соқты. Қонақтар да киім ауыстыратын бөлмеге голсыз кеткен жоқ. Қосылған уақыттың бесінші минутында «қызыл-ақтардың» шабуылшысы Оралхан Өміртаев есепті теңестірді. Екінші таймда Жайро Жан камбэк жасады – гаитилік футболшы 10 минутқа ішінде дубль жасап, матчтың қаһарманына айналды.
Нәтижесінде кездесу 3:1 есебімен ақтөбеліктердің пайдасына шешілді. Вячеслав Левчуктың командасы жеңістің арқасында кестеде бірінші орынға шықты.
ҚПЛ. 9-й тур. 17 мамыр
«Оқжетпес» - «Ақтөбе» - 1:3
Голдар: Досмагамбетов, 14 - Омиртаев, 45+5, Жан, 56, 65.
Матчқа бейнешолу:


Футбол
Бүгін 11:14