«Ордабасы» мен «Қайрат» 14-турдың басты матчына арналған негізгі құрамдарын жарияланды
«Ордабасы» мен «Қайрат» негізгі құрамдарын жариялады
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Ордабасы ФК
Маусымның 29-ы күні Шымкентте Қазақстан Премьер-лигасының кезекті турындағы басты матчтардың бірі өтеді. Жергілікті «Ордабасы» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдайды.
Кездесуге арналған бастапқы құрамдар төмендегідей:
Ордабасы: Шайзада; Астанов, Жақсыбаев, Тұрсынбай, Антич, Халматов; Чанаджия, Жимо, Жоао Паулинью, Имнадзе; Эвертон.
Қайрат: Заруцкий; Луиш Мата, Сорокин, Мартынывич, Қасабулат; Глазер, Арад, Громыко; Станоев, Жоржиньо, Сәтпаев.
Матч алдында шымкенттік ұжым турнир кестесінде 19 ұпаймен 7-орында тұр. Алматылықтар 30 ұпаймен 2-орынға жайғасып, чемпиондық үшін күресін жалғастыруда.
Ойын астаналық уақыт бойынша 20:00-де басталады. Тікелей трансляция сілтеме арқылы қолжетімді.