locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андрей Мартин: Мүмкіндік жасап жатырмыз, бірақ аяқтайтын шабуылшы жоқ – шабуылды күшейтуден үміттіміз

«Ордабасы» бас бапкері «Қайраттан» жеңілгеннен кейін гол соғатын ойыншының жетіспейтінін айтты
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Андрей Мартин: Мүмкіндік жасап жатырмыз, бірақ аяқтайтын шабуылшы жоқ – шабуылды күшейтуден үміттіміз
ФОТО: fc__ordabasy инстаграм парақшасынан

Қазақстан Премьер-лигасының 14-турында «Ордабасы» өз алаңында «Қайратқа» 0:1 есебімен жол берді.

Ойыннан кейін шымкенттік клубтың бас бапкері Андрей Мартин матч туралы пікірін білдірді.

– «Біз қарсыласқа қарағанда қауіпті сәттерді көбірек жасадық. Бірақ футболда ең бастысы – гол соғу. Өкінішке қарай, шабуыл шебінде нәтижелі ойнайтын ойыншы жетіспейді. Жігіттерге тек жанкештілігі мен мінезі үшін алғыс айта аламын. Алайда алдыңғы шепте нақты аяқтаушы қажет. Бізге үнемі айып алаңында жүретін, мүмкіндігін күтіп, оны мүлт жібермей пайдаланатын шабуылшы керек. Осындай ойыншыны жазғы трансферлік кезеңде таба алсақ, бізге жеңілірек болар еді. Бүгін біз екі ойынға жетерлік мүмкіндік жасадық», – деді Мартин.

Еске салайық, «Қайрат» жалғыз голмен жеңіске жетті. Ойын соңында «Ордабасының» екі ойыншысы алаңнан қуылды.

Қазіргі таңда алматылықтар 33 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында. Ал «Ордабасы» 19 ұпаймен жетінші сатыда тұр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie