Қорғаныстың капитаны ойыннан тыс қалды: Аманович «Жеңіске» қарсы матчқа қатыспайды
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: fca.astana нстаграм парақшасынан
«Астана» командасының сербиялық қорғаушысы Алекса Аманович Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында елордалық «Жеңіске» қарсы өтетін кездесуге қатыспайды.
KazFootball.kz мәліметінше, футболшы маусымдағы төртінші ескертуін алып, бір матчқа автоматты түрде дисквалификацияға ұшырады.
Өткен турда «Ұлытауға» қарсы ойында (2:0) Аманович тағы да сары қағаз алып, бұл ескерту маусымдағы лимитін толықтырды.
Биылғы чемпионатта 28 жастағы серб қорғаушы 10 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.