locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Грипши мен Басмановтың голдары «Астанаға» жеңіс сыйлады

ФОТО: ФК Астана

18 мамыр күні Жезқазғанда Қазақстан Премьер-лигасының тоғызыншы туры аясында матч өтті. Онда «Астана» маусымның дебютанты — «Ұлытауды» сырт алаңда 2:0 есебімен сенімді жеңді.

Екі гол да екінші таймда соғылды. 72-минутта Николас Грипши есеп ашса, қосылған уақытта Станислав Басманов бас қала клубының басымдығын еселей түсті.

Бұл жеңіс «Астанаға» 21 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

КПЛ-дің жаңа командасы — «Ұлытау» әлі бірде-бір жеңіске жете алмай, турнир кестесінің соңында қалып отыр.

КПЛ. 18 мамыр

«Ұлытау» – «Астана» – 0:2

Голдар: Грипши Н. 72', Басманов С. 90+5'

ФОТО: ФК Астана
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie