locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Олимпиакос» үшін нағыз қорқыныш». Грекия басылымдары Темірлан Анарбеков туралы не жазды?

Астанадағы мұзды матчтан кейін Gazzetta нені жазды?
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
««Олимпиакос» үшін нағыз қорқыныш». Грекия басылымдары Темірлан Анарбеков туралы не жазды?
ФОТО: Қайрат ФК

Чемпиондар лигасы тарихындағы ең суық кездесу атанған «Қайрат» - «Олимпиакос» (0:1) ойыны Еуропа басылымдарын бей-жай қалдырмады. Грекиялық Gazzetta.gr аудиторияға бағытталған эмоциялық талдау жариялап, күтпеген жерден материалдың басты кейіпкері жеңіс голын соққан футболшы емес, 22 жастағы қазақстандық қақпашы Темірлан Анарбеков болғанын атап өтті.

Журналистердің бағалауынша, «Олимпиакос» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы жеңісін «Еуропаның ең суық нүктесінде» жұлып алды. Бірақ сол жолда грек клубы «бір сәтке адамдықтан тыс қалып, тосқауылға айналған» қақпашымен бетпе-бет келді.

«Егер жалғыз соғылған соққы қақпаға кірмегенде, біз бұл турдың ғана емес, бүкіл кезеңнің ең мінсіз қақпашының ойыны туралы айтар едік», – деп жазады басылым.

Темірлан сегіз сейв жасады - және әрбірі пирейліктер үшін алдыңғысынан да ауыр болды. Екінші таймда «Олимпиакос» шабуылды толассыз үдетсе де, қазақстандық қақпашы бұрышқа да, тоғыздыққа да, тіпті сызықтың дәл іргесінен келген соққыларды да қайтарып отырды.

Еуропалық журналистер бұл матчы Анарбековтің «серпіліс нүктесі» деп атап, оған деген қызығушылықтың күрт артқанын жазады. Соған қарамастан, жас қақпашының «Қайратпен» келісімшарты 2027 жылдың желтоқсанына дейін күшінде.

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков осы кездесудің ресми үздік ойыншысы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie