locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ол оралды. Фати Лига 1-дегі үш матчта «Монако» үшін бес гол соқты

Испандық шабуылшы мансабын қайта жандандыруда
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Ол оралды. Фати Лига 1-дегі үш матчта «Монако» үшін бес гол соқты
ФОТО: x.com/ActuFoot

Испаниялық форвард Ансу Фати «Барселонадан» «Монакоға» жалға ауысқаннан кейін керемет ойынымен көзге түсуде.

5 қазан, жексенбі күні «Барса» түлегі «Ницца» қақпасына екі пенальтиден гол соғып, дубль авторы атанды.

22 жастағы Фатидің еншісінде Лига 1-де «Монако» сапында үш матчта бес гол бар. Сонымен қатар, шабуылшы Чемпиондар лигасында да бір голымен көзге түсті.

Айта кетерлігі, осы маусым басталғанға дейін испаниялық футболшы 2023 жылдан бері гол соқпаған еді. Оның «Монакомен» жалға алу шарты осы маусымның соңына дейін жарамды.

Фати кезінде испан футболының басты таланттарының бірі саналған. Бірақ жарақаттар оның дамуына кедергі болды да, футболшы «Барселонаға» қажетсіз болып қалды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie