«Негізгі ойыншы»: Сатпаевтың «Челсидегі» бәсекелесі жаңа келісімшартқа қол қойды
Лондондық «Челси» шабуылшы Жоау Педромен жаңа талаптар бойынша келісімшартты ұзартты. Бразилиялық ойыншы өткен маусымда АПЛ-дағы команданың үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Фабрицио Романоның мәліметінше, клуб басшылығы жаңа келісім ұсынған – келісімшарт 2032 жылға дейін есептелген. Ойыншыға жалақысына үстеме берілді және оны жобаның негізгі футболшысы ретінде қарастырады.
Жоау Педро «Челси» қатарына 2025 жылдың жазында «Брайтоннан» 60 миллион фунт стерлингке ауысты. Өткен маусымда Англия Премьер-лигасында ол 35 матч өткізіп, 15 гол соқты және бес нәтижелі пас шығарды.
Бұдан бөлек, «Челси» ресми түрде 35 жастағы ағылшын шабуылшысы Дэнни Уэлбектің де командаға қосылғанын жариялады. Ол бұған дейін «Манчестер Юнайтед», «Арсенал» және Англия құрамасында ойнаған. Келісімшарт 2028 жылдың жазына дейін жасалған. Өткен маусымда Уэлбек «Брайтон» сапында 37 матчқа қатысып, 13 гол соқты және бір нәтижелі пас берді.
Жаңа маусымда «Челси» құрамында Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев та бар. Ол алғашқы ойында, австралиялық «Вестерн Сидней Уондерерс» (6:4) командасына қарсы негізгі құрамда шығып, клубтағы алғашқы голын соқты. «Тоттенхэмге» қарсы кездесуде Сатпаев ойынды қосалқы құрамда бастады.
Маусым алдындағы матчтардан кейін лондондықтар қазақстандық футболшыны Чемпионшип өкілі «Бернлиге» жалға берді.