locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ресми: «Челсидің» көшбасшысы клубпен жаңа келісімшартқа қол қойды

Вингер Жоао Педро Лондон клубында 2034 жылға дейін қалады
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images

«Челси» 24 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Педроның келісімшартын ұзартқанын ресми түрде жариялады. Жаңа ұзақмерзімді келісім оған «Стэмфорд Бриджде» 2034 жылдың жазының соңына дейін ойнауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Лондондық клуб легионердің жалақысын айтарлықтай көтеріп, «Барселона» мен «Арсеналдың» қызығушылығына тосқауыл қойды – бұл клубтар шабуылшы үшін 100 миллион еуродан астам қаржы ұсынып үлгерген болатын.

Қаржылық жағдайының жақсаруы мен келісімшарттың ұзартылуымен қатар, Жоао Педро келесі маусымнан бастап жейдесіндегі нөмірін де ауыстырады: енді бразилиялық ойыншы «Челсидің» бұрын Лиам Делап киіп жүрген 9-шы нөмірін еншілейді.

«Брайтоннан» ауысқаннан кейінгі алғашқы маусымында бразилиялық футболшы «Челсидің» шабуылындағы басты күшке айналды: барлық турнирлерде 20 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді, ФИФА клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды және «Челси» жанкүйерлерінің нұсқасы бойынша маусымның үздік ойыншысы атанды.

Бұған дейін «зеңбірекшілердің» шабуылшысы үшін үш клуб күреске қосылатыны хабарланған еді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie