locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Мұндай қарсыласты жеңу — екі есе құнды». Уразбахтин «Жеңіске» қарсы ойын жайлы

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Мұндай қарсыласты жеңу — екі есе құнды». Уразбахтин «Жеңіске» қарсы ойын жайлы
ФОТО: Қайрат ФК

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 20-тур аясындағы «Жеңіске» қарсы сырт алаңдағы матчтан кейін (2:1) өз ойын білдірді. Алматылық клубтың жеңісі туралы пікірін ол ерекше атап өтті.

«Біз бұл жеңіске өте қуаныштымыз. «Жеңіс» – оңай шағылар жаңғақ емес. Турнирлік кестеге қарасақ, олар бізден де аз гол жіберген. Бұл – олардың төзімді әрі мінезді команда екенін көрсетеді. Көп жағдайда тең ойынмен аяқтап жүргендері де бекер емес. Мұндай қарсыласты жеңу — екі есе құнды. Өз футболшыларымның ойынын ерекше атап өткім келеді: олар тағы да мінез көрсетті. Осындай жігіттермен жұмыс істеу — мен үшін үлкен мәртебе»,– деді Уразбахтин матчтан кейінгі сұқбатында.

Бұл жеңістен кейін «Қайрат» 23 ұпаймен турнир кестесінің бірінші сатысына көтерілді. Ал «Жеңіс» 5 ұпаймен 10-орында қалып отыр.

Келесі кездесулер командалар үшін Қазақстан кубогының 1/8 финалында өтеді: 14 мамыр күні «Қайрат» сырт алаңда «Ордабасыға» қонаққа барса, «Женис» «Астанамен» ойнайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie