locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Матчтың соңғы минуттары ауыр өтті». Александр Заруцкий «Жеңіске» қарсы ойын жайлы

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Матчтың соңғы минуттары ауыр өтті». Александр Заруцкий «Жеңіске» қарсы ойын жайлы
ФОТО: Қайрат ФК

«Қайрат» қақпашысы Александр Заруцкий ҚПЛ-дің 20-турындағы «Жеңіске» қарсы сырт алаңдағы жеңіс (2:1) туралы пікір білдірді. Қақпашының айтуынша, ойын соңындағы қысым ерекше қиын болған:

«Матчтың соңғы минуттары ауыр өтті. Есеп 2:1 болған кезде «Жеңіс» қысымды күшейтті, біз тым артқа шегініп кеттік. Бірақ, шүкір, жеңіске жеткізген есепті сақтап қалдық. Ұпайды еншілеп, чемпиондық жолымызды жалғастырамыз», - деді Заруцкий KFF League-ке берген сұқбатында.

Ойында алғашқы голды Георгий Зариа пенальтиден соқса, екінші допты Валерий Громыко салды. «Жеңіс» бір голмен жауап қатты, бірақ есепті теңестіре алмады.

Матч қорытындысы бойынша Александр Заруцкий ойынның үздік ойыншысы деп танылды. Қақпашының сенімді ойыны «Қайраттың» жеңісті есебін сақтап қалуына мүмкіндік берді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie