locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Исламбек Қуат «Қайратқа» қарсы ойынға қатыспайды

ФОТО: ФК Жеңіс

9 мамыр күні Қазақстан чемпионатының кейінге шегерілген 20-тур аясында «Жеңіс» пен «Қайрат» командалары кездеседі.

«Жеңіс» клубының 32 жастағы жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат сары қағаздардың көптігіне байланысты бұл ойынды өткізіп жібереді.

Жетінші турдағы «Ақтөбемен» өткен ойында Қуат маусымдағы төртінші ескертуін алып, бір ойынға дисквалификацияланды.

2014–2019 жылдар аралығында Қуат «Қайрат» сапында 132 матч өткізіп, Премьер-лигада жеті гол соққан.

Биылғы маусымда ол «Жеңіс» үшін жеті ойынға қатысып үлгерді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie