Міне нағыз Ремонтада! Манчестер Юнайтед 114-минутта «Лионға» қарсы екі гол есе жіберіп келе жатып, камбэк жасады
17-18 сәуірге қараған түні «Манчестер Юнайтед» пен «Лион» арасындағы Еуропа лигасының ширек финалдық қарымта кездесуі өтеді.
Ойын «Манчестер Юнайтедтің» өз алаңы «Олд Траффорд» стадионында өтіп, 5:4 есебімен алаң иелерінің керемет жеңісімен аяқталды. Матчты швейцариялық төреші Сандро Шарер басқарды.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
«Манчестер Юнайтед» бірінші таймда 2:0 есебімен басымдылыққа қол жеткізіп, есепті ұстап тұру үшін ойнады. Керемет камбэк басталған 71-минутқа дейін есеп өзгеріссіз қалды. «Лион» жеті минутта екі гол соғып, ойынды овертаймға дейін ұзартты. Бірақ француздар қосымша уақытты 10 адаммен бастады – бірінші голдың авторы Корентин Толиссо 89-минутта алаңнан қуылды.
10 адаммен ойнағанымен, «Лион» тағы екі гол соқты – 105-минутта Черки командасын алға шығарса, 108-минутта Ляказетт пенальтиді сәтті орындады. Содан кейін алаң иелері ғажайып жасады – алдымен 114-минутта Бруну Фернандеш пенальтиді орындады, содан кейін Майну мен Магуайр 120-минуттан кейін бір голдан соқты.
Осылайша, «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының жартылай финалына екі матчтық текетірестің қорытындысы бойынша шықты – жиынтық есеп 7:6. Келесі кезеңде Рубен Аморимнің шәкірттері «Атлетикпен» кездеседі.
Еуропа Лигасы. ¼ финал. 18 сәуір
«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Лион» (Франция) - 5:4 [алғашқы матч 2:2]
Голдар: Угарте, 10, Далот, 45+1, Фернандеш, 114 (Пенальти), Майну, 120, Магуайр, 120+1 - Толиссо, 71, Тальяфико, 78, Шерки, 105, Ляказетт, 108 (Пенальти).
Қызыл қағаз: Толиссо, 89 («Лион»).
«Манчестер Юнайтед»: Онана - Йоро, Мауайр, Мазрауи (Шоу, 46) - Доргу (Амасс, 100), Каземиро, Угарте (Мунт, 86), Далот - Фернандеш, Хойлунд (Майну, 86), Гарначо (Эриксен, 100).
«Лион»: Перри - Тальяфико (Чалета-Цар, 100), Ниахате, Мата, Мэйтленд-Найлс - Верету (Ляказетт, 55), Акуоку (Тессманн, 55), Толиссо - Альмада, Микаутадзе (Фофана, 64), Шерки (Винисиус, 106).
Ескертулер: Гарначо, 50, Магуайр, 93, Йоро, 108 - Верету, 18, Толиссо, 45+1, 89 (екінші), Тальяфико, 64.
