«Манчестер Юнайтед» - «Лион». Голдар және матчқа бейнешолу
17-18 сәуірге қараған түні «Манчестер Юнайтед» пен «Лион» арасындағы Еуропа лигасының ширек финалдық қарымта кездесуі өтуде.
- Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
10-минутта «қызыл сойқандар» тамаша комбинация көрсетіп Мануэль Угарте гол соқты. Бірінші таймға қосылған уақытта Диегу Далот Тальяфикомен позиция үшін шайқаста жеңіске жетті және алыс бұрышқа соққымен есепті еселеді.
Екінші таймда қонақтар екі гол соғып, ойынды овертаймға дейін ұзартты. Француздар екінші таймда жетістігін қайталап, қатарынан екі гол соқты. Бірақ Рубен Аморимның шәкірттері ғажайып жасай алды - «қызыл сойқандардың» капитаны Бруну Фернандеш камбэкке жол ашты, ал Майну мен Магуайр 120-минуттан кейін бір голдан соғып, жеңісті жұлып алды.
Еуропа Лигасы. ¼ финал. 18 сәуір
«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Лион» (Франция) - 5:4 [алғашқы матч 2:2]
Голдар: Угарте, 10, Далот, 45+1, Фернандеш, 114 (Пенальти), Майну, 120, Магуайр, 120+1 - Толиссо, 71, Тальяфико, 78, Шерки, 105, Ляказетт, 108 (Пенальти).
Қызыл қағаз: Толиссо, 89 («Лион»).
Матчқа бейнешолу: