«Менің жеңілісім». Левчук «Жетісуға» қарсы жеңіліс жайлы
«Ақтөбе» клубының бас бапкері Вячеслав Левчук Қазақстан Премьер-лигасының 10-турында «Жетысуға» қарсы өткен матчтың нәтижесіне қатысты пікір білдірді. Қызыл-ақтар бұл ойында 1:2 есебімен жеңіліп, бес матчқа созылған жеңісті сериясын тоқтатты.
«Екінші таймға қалай шыққанымызды көріп, әлі де таңқаламын. Бізде қарсыласқа деген немқұрайлық болған - – бұл жайлы мен ойын алдындағы жиналыста да арнайы ескерттім. Бұл - жігіттердің емес, менің жеңілісім. Демек, командаға ойымды толық жеткізе алмадым, бірдеңені дұрыс түсіндіре алмағанмын», – деді маман матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Левчук «Ақтөбе» үшін соңғы апта ауыр болғанын, команда бір апта ішінде үш матч өткізгенін атап өтті:
«Бәлкім, жігіттер толықтай қалпына келе алмаған шығар. Бүгін команда өте сылбыр көрінді, бірақ бұл да менің жауапкершілігімді азайтпайды. Қолда бар ойыншылар саны шектеулі болғандықтан, тактикалық жүйені өзгерту қиынға соқты».
Жеңіліске қарамастан, «Ақтөбе» турнирлік кестеде 25 ұпаймен көш бастап тұр. 11-тур аясында команда өз алаңында «Қайратты» қабылдайды.