Лев Скворцов «Жетісуға» қарсы ойынға қатыса алмайды
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО:ФК Ақтөбе
«Ақтөбе» клубының 25 жастағы қорғаушысы Лев Скворцов Кәсіпқой футбол лигасының 10-турында «Жетісу» командасына қарсы матчті өткізіп алады.
Бұл — ескерту санының асып кетуіне байланысты.
9-турда «Оқжетпеске» қарсы өткен ойында (3:1) Скворцов маусымдағы төртінші сары қағазын алып, автоматты түрде келесі матчке қатысу құқығынан айырылды.
Ағымдағы маусымда Лев Скворцов сегіз матчқа қатысып, бір гол соғып, төрт сары қағаз алды. Ол «Ақтөбе» қорғанысының негізгі ойыншыларының бірі саналады.
Оның болмауы команда қорғанысына әсер етуі мүмкін. Алдағы матчта бапкерлік штабқа қорғау шебінде өзгеріс енгізуге тура келеді.