locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Мбаппе Реал сапында Бенземаның жетістігін қайталады

Мбаппе Реал сапында Бенземаның жетістігін қайталады
ФОТО: gettyimages.com

"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе Испания кубогында "Сельта" командасына қарсы матчта (5:2) гол соғып, мадридтік клубтың тарихындағы сирек жетістікке жетті. Бұл нәтиже бұған дейін тек Карим Бенземаға тиесілі болған. Бұл туралы MisterChip (Alexis) X әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Мбаппе бір маусымда алты түрлі турнирде гол соққан "Реал" ойыншыларының бірі атанды. 2022/2023 маусымында мұндай жетістікке Карим Бензема жеткен еді. Қазіргі маусымда Мбаппе Испания чемпионатында, Суперкубокта, ел Кубогында, Чемпиондар лигасында, Құрлықаралық кубокта және УЕФА Суперкубогында гол соғып үлгерді.

Франциялық шабуылшы жазғы трансферлік терезеде "Реалға" ауысып, 2029 жылға дейінгі келісімшартқа қол қойған болатын.

Неймар Сауд Про-лигасының екінші бөлігінде ойнамайды

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie