Неймар Сауд Про-лигасының екінші бөлігінде ойнамайды
Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
ФОТО: AFPPIX
“Әл-Хиляль” командасының бас бапкері Жорже Жезуш Неймардың Сауд Арабиясы чемпионатының екінші бөлігіндегі команда құрамына кірмейтінін айтты.
“Неймар команданың чемпионатқа өтініміне қосылмайды. Ол Азия чемпиондар лигасына қатыса алады. Сауд Арабиясы чемпионаты әлемдегі ең үздіктердің бірі. Барлық ”Әл-Хиляль" ойыншылары кез келген еуропалық клубта ойнай алады. Неймар енді біз үйреніп қалған деңгейді көрсете алмайды. Өкінішке орай, оның жағдайы қиындай түсті”,- деді Жезуш.
Еске сала кетейік, Неймар 2023 жылдың қазан айында крест тәрізді байламдарынан жарақат алып, бір жыл ойынға қатыса алмады. Және қазан айында қайтадан жарақат алғанға дейін 2 ойын ойнады. Бұл жолы сіңірінің жарақаты үшін екі айға жуық алаңға шықпай қалды.