Барселонадан кейінгі ашу. Реал Испания Кубогында Сельтаны талқандады
Мадрид қаласының “Сантьяго Бернабеу” стадионында, Испания Кубогының 1/8 финалдық матчында жергілікті “Реал” мен Вигоның “Сельта” командасы кездесті.
Ойынның 37-минутында “галактикос” командасын алға шығарған голды француз Килиан Мбаппе соқты. “Реалдың” басымдығын 48-минутта Винисиус Жуниор екі еселеді. 2:0.
77-минутта Арда Гүлер Виго қонақтарының қақпасына үшінші гол соқты, бірақ бұл гол Винисиус Жуниор ойыннан тыс қалып кеткені үшін есепке алынбады.
83-минутта “Сельта” ойыншылары жауап ретінде бір гол қайтарды. Жонатан Мамба мадридтіктердің қорғаныстағы қателігін пайдаланып гол соқты. Ал қосымша уақыттың бірінші минутында қонақтар 11 метрлік айып добын орындау мүмкіндігіне ие болды, оны Маркос Алонсо салқынқандылықпен жүзеге асырды. 2:2!
Бірінші экстра-таймда голдар болған жоқ, бірақ екінші қосымша 15-минуттықта үш гол соғылды, олардың барлығын “Реал” ойыншылары соқты. 108-минутта Эндрик гол соқты, ал төрт минуттан кейін Федерико Вальверде зымырандай соққымен мадридтіктердің басымдығын арттырды. 120-минутта Эндрик керемет шеберлікпен допты өкшесімен қақпаға дәл бағыттады.
5:2 — “Реал” Испания Суперкубогы финалында “Барселонадан” осындай есеппен жеңілгені үшін тамаша түрде кек қайтарды.
Испания Кубогы. 1/8 финал
Реал Мадрид — Сельта — 5:2
Голдар: Мбаппе, 37, Винисиус Жуниор, 48, Эндрик, 108, Вальверде, 112 — Мамба, 83, Маркос Алонсо, 90+1 пенальти.





