Марат Омаровтың ҚФФ президенті лауазымына тағайындалғаннан кейін жанкүйерлерге үндеуі
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті - Марат Омаров өзінің әлеуметтік желілерінде алғысын білдіріп, алдағы мақсаттарын жариялады.
Бүгін, 20 желтоқсан Қазақстан футбол федерациясының президенті сайлауы өтті, әрі оған менің кандидатурам ұсынылды. Мен аз уақытта, үлкен жұмыс жасаған командамның үйлесімді жұмысының арқасында жеңіске жеттім.
Қазақстан Футбол Федерациясы Президентінің рөлін үлкен жауапкершілікпен қабылдаймын. Бұл маңызды және жауапкершілігі мол жол. Мен үшін, футбол тек ойын емес. Бұл - мәдениет, адамдардың басын бір арнаға тоқыстырып, болашақты құру жолында жаңа биіктерге жету мүмкіндігі.
Біздің мақсаттарымыздың бірі бұқаралық футболды дамыту, балалар мен жастарға халықаралық аренада мықты болып, бәсекеге түсу үшін өздерін дәлелдеуге мүмкіндік жасау. Менің сенімді өкілдерім айтқандай, Англияда оқып жүргенде жасөспірімдер лигасында футболшы ретінде өнер көрсеттім, әлемге әйгілі командалар арасында ойнағаным менің кейінгі қызметімде тәжірибелі болуыма септігін тигізді.
Біздің спортты қолдайтын жандарға үлкен алғыс! Қазақстандағы футболмен байланыста болған әрбір адам елдегі футбол мәдениетін дамыту жетістіктерімен мақтана алатындай нәтижеге жұмыс істейтін боламыз.
Бокс
Бүгін 14:34