«Манчестер Юнайтед» —осы маусымдағы жеңіліс көрмеген жалғыз клуб
«Манчестер Юнайтед» 2024/2025 жылғы еурокубоктар маусымында бірде-бір матчта жеңілмеген жалғыз команда ретінде қалып отыр.
Еуропа лигасының жартылай финалының қарымта кездесуінде «қызыл сойқандар» Бильбаоның «Атлетигін» сенімді түрде 4:1 есебімен жеңіп, турнир финалына жолдама алды.
Бүкіл маусым бойы Аморимнің шәкірттері 14 ойын өткізіп, 9 жеңіске жетіп, 5 рет тең ойнады. Жеңіліс жоқ — бұл нәтиже биылғы еуромаусымда бірде-бір клубтың еншісінде жоқ.
Финалда «Манчестер Юнайтед» Лондонның «Тоттенхэм» командасымен кездеседі. Шешуші матч 22 мамыр күні Бильбаодағы «Сан-Мамес Баррия» стадионында өтеді — бұл МЮ жарыстан шығарған «Атлетиктің» үй аренасы.
«Юнайтед» Еуропа лигасын соңғы рет 2017 жылы жеңіп алған. Ол кезде финалда амстердамдық «Аякс» 2:0 есебімен ұтылған болатын.