«Манчестер Юнайтед» - «Атлетик». Маунттың қос голы және «Олд Траффордтағы» шоу. Голдар және матчқа бейнешолу
8-нен 9 мамырға қараған түні «Олд Траффорд» стадионында Еуропа лигасының жартылай финалының қарымта матчы өтті. Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Атлетик Бильбаоны» 4:1 есебімен ойсырата ұтып, қос кездесу нәтижесі бойынша (7:1) финалға жолдама алды.
Бірінші болып есепті бас қонақтар ашты – 31-минутта Хаурегисар мергендік танытты. Алайда екінші таймда МЮ нағыз шабуыл феериясын көрсетті. Мэйсон Маунт дубль авторы атанды. Сонымен қатар Каземиро мен Хойлунд та гол соғып, жеңісті нығайтты.
2025 жылғы Еуропа лигасының финалы 22 мамыр күні Бильбаодағы «Сан-Мамес» стадионында өтеді. «Манчестер Юнайтед» шешуші ойында Лондонның «Тоттенхэм» клубымен кездеседі.
Назарларыңызға матчтың бейнешолуын ұсынамыз.