locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Әліп Ресей Кубогының РПЛ жолының финалында «Зенит» - ЦСКА ойынын бастапқы құраммен бастайды

Әліп Ресей Кубогының РПЛ жолының финалында «Зенит» - ЦСКА ойынын бастапқы құраммен бастайды
ФОТО: ФК Зенит

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ЦСКА командасына қарсы Ресей кубогының РПЛ жолының финалындағы алғашқы ойында «Зениттің» негізгі құрамында өнер көрсетеді.

Финалдың алғашқы ойыны 30 сәуірде петерборлық «Зениттің» стадионы «Газпром Аренада» өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен 22:30-да басталады.

Командалардың толық бастапқы құрамы төмендегідей:

«Зенит»: Адамов, Алип, Вендел, Гонду, Горшков, Дркушич, Зделар, Кассьера, Луис Энрике, Мостовой, Нино.

ЦСКА: Тороп, Гуарирапа, Абдулкадыров, Бистрович, Гайич, Глебов, Кисляк, Лукин, Мойсес, Обляков, Пьянич

Қарымта кездесу 14 мамырда ЦСКА стадионында өтеді. РПЛ жолының финалының жеңімпазы суперфиналда Аймақтар жолының жеңімпазына қарсы ойнайды.

«Ақ-көктердің» мәскеулік «Динамоға» (1:1) қарсы өткен соңғы ойынында Әліп алаңға матчтың соңында ғана шықты.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie