Нұралы Әліп қосалқы құрамнан қосылды, «Зенит» «Динамоны» жеңе алмады
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: ФК «Зенит» VK парақшасы
РПЛ-дің 26-туры аясында Мәскеудің «Динамосы» Санкт-Петербургтің «Зенитімен» тең түсті — 1:1.
Ойын «ВТБ Арена – Лев Яшин атындағы Орталық Динамо стадионында» өтті. Кездесуді бас төреші Виталий Мешков басқарды.
Есепті 18-минутта «Зенит» шабуылшысы Педро ашты. 41-минутта «Динамо» ойыншысы Ярослав Гладышев таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін командалар гол соға алған жоқ.
Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп кездесуді қосалқы құрамда бастап, 88-минутта Дуглас Сантос орнына алаңға шықты.
26 турдан кейін «Зенит» 54 ұпаймен екінші орында тұр. «Динамо» 47 ұпай жинап, бесінші орынға орналасқан. Турнир кестесінде көш басында 58 ұпай жинаған «Краснодар» келе жатыр.
РПЛ. 26 сәуір
«Динамо» – «Зенит» – 1:1
Голдар: . Педро, 18 - Гладышев, 41
