locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Нұралы Әліп Ресей кубогындағы РПЛ жолының финалында «Зенитке» ЦСКА-ны жеңуге көмектесті

Футбол
Нұрбақыт Қадырбаев
Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор
Нұралы Әліп Ресей кубогындағы РПЛ жолының финалында «Зенитке» ЦСКА-ны жеңуге көмектесті
ФОТО: ФК Зенит

Сәуірдің 30-нан 1 мамырға қараған түні петерборлық «Зенит» пен мәскеулік ЦСКА арасында Ресей кубогындағы РПЛ жолының финалының алғашқы ойыны өтті.

Ойын «Зениттің» стадионы «Газпром Аренада» өтіп, 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Кездесудің 17-минутында Матео Кассьера есеп ашты. Ал екінші таймның ортасында Александр Мостовой пенальтиді сәтті орындап, есепті еселеді. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп негізгі құрамда шығып, 90 минут бойы өнер көрсетті.

Нәтижесінде 14 мамырда ЦСКА стадионында өтетін қарымта ойын алдында «Зенит» тамаша басымдыққа ие болды. РПЛ жолының финалының жеңімпазы суперфиналда Аймақтар жолының жеңімпазымен ойнайды.

Ресей Кубогы. РПЛ жолы. Финал. 30 сәуір

«Зенит» - ЦСКА - 2:0

Голдар: Кассьера, 17, Мостовой, 57 (пенальти).

ФОТО: ФК Зенит
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie