locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Лионмен» өткен ойыннан кейін: Онананың отбасын полиция күзетіп жүр

Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Лионмен» өткен ойыннан кейін: Онананың отбасын полиция күзетіп жүр
ФОТО: Getty Images

«Манчестер Юнайтед» қақпашысы Андре Онананың отбасы полицияның қорғауына алынды, деп Daily Mail басылымы хабарлады.

Бұған себеп - ойыншының Еуропа Лигасының ширек финалында «Лионға» қарсы матчта жасаған қателіктері болды.

Ағылшын және француз клубтары арасындағы кездесу 10 сәуір күні Лион қаласындағы «Групама» стадионында өтті. Ойынға швед төрешісі Гленн Нюберг қазылық етті. Қарқынды өткен матч 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойында Онана екі мәрте қателесіп, қарсылас команданың гол соғуына себепкер болды.

Қақпашының атына айтылған сын мен қауіптерден кейін жергілікті билік оның отбасына қауіпсіздік шараларын күшейтті. Жауапты кездесу 17 сәуірде Манчестерде өтеді. Сол матчта жартылай финалға өтетін команда анықталады.

Камерундық қақпашы Андре Онана «Манчестер Юнайтед» сапына 2023 жылдың жазында қосылған болатын. Бұған дейін ол Италияның «Интер» клубында ойнаған.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie