«Лион» - «Манчестер Юнайтед» - 2:2. Онананың екі қателігі. Голдар және матчқа бейнешолу
Сәуірдің 10-нан 11-іне қараған түні Еуропа лигасының бірінші ширек финалдық ойыны «Лион» мен «Манчестер Юнайтед» (2:2) арасында өтті.
Матчтың барлық ең қызықты сәттерін Sports24.kz Telegram-арнасында live режимде көруге болады!
Ойын Онананың қателігімен басталды – 25-минутта ол тура айып добын мүлт жіберіп алды. Тьяго Альмаданың көтерген пасы ешкімге тимей, «Юнайтедтің» қақпа сызығынан тура өтті. Бірінші таймның соңы манкуниандықтардың пайдасына аяқтады. Қосымша уақыт кезінде Лени Йоро басымен допты қақпаға бағыттады. Есеп 88-минутқа дейін өзгеріссіз қалды. Матчтың соңына қарай командалар өзара голдармен алмасты. Алғашқы голды «қызыл сойқандардың» шабуылшысы Джошуа Зиркзее соқты. Ал қосымша уақыттың бесінші минутында Онана тағы бір қателік жасады – қақпашы допты тура шабуылшының аяғына қайтарып, екінші голды өткізіп алды.
Осылайша командалар тең есеппен тарқасып, текетірестің жеңімпазы 18 сәуір күні аты аңызға айналған «Олд Траффордта» өтетін матчта анықталады.
Еуропа лигасы. 1/4 финал. 11 сәуір
«Лион» (Франция) - «Манчестер Юнайтед» (Англия) - 2:2
Голдар: Альмада, 26, Шерки, 90+5 - Йоро, 45+5, Зиркзее, 88.
Матчқа бейнешолу: