Әлиев енді кім болып жұмыс істейді? Бұрынғы бас бапкер ұлттық құраманың штабында қалды
Қазақстан ұлттық құрамасында кадрлық өзгерістер жалғасуда. Федерация алдағы ресми кездесулерге арналған жаттықтырушылар құрамын жариялады. Ең басты жаңалық – бұрынғы бас бапкер Әли Әлиев құрама қатарынан кеткен жоқ, ол енді ассистент ретінде қызметін жалғастырады.
Бас бапкер міндетін уақытша атқарушы болып Талғат Байсуфинов тағайындалды. Ол ұлттық команданы тек қазан айындағы ойындарда басқарады. Осы аралықта федерация жаңа бас бапкер іздеуді жалғастыруда. БАҚ-тың мәліметінше, негізгі үміткерлердің бірі – поляк маманы Михал Пробеж.
Жаттықтырушылар құрамы мынадай болып бекітілді:
• Талғат Байсуфинов – бас бапкердің міндетін атқарушы
• Иван Азовский – ассистент
• Марат Еслямов – ассистент
• Әли Әлиев – ассистент
• Елдос Ахметов – ассистент
• Олег Воскобойников – қақпашылар бапкері
• Максим Зуев – дене дайындығы бапкері
• Могамед Нозадзе – сарапшы
Осылайша, Әлиев ұлттық құраманың жүйесінде қалып, Байсуфиновқа көмек көрсетуді жалғастырады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қазанда екі ресми матч өткізеді: 10 қазанда Астанада Лихтенштейнге қарсы ойнайды, ал 13 қазанда сырт алаңда Солтүстік Македониямен күш сынасады.