Лихтенштейн құрамасының бас бапкері Конрад Фюнфштюк Қазақстан құрамасын басқару ұсынысына пікір білдірді
Лихтенштейн ұлттық құрамасының бас бапкері Конрад Фюнфштюк Қазақстанмен өткен ойынан кейін болашақта біздің команданы баптағысы келе ме деген сұраққа жауап берді.
«Сіздің командаңыз алғашқы минуттарда жақсы ойын көрсетті. Болашақта Қазақстан құрамасын басқарғыңыз келе ме?» деген сұраққа маман келесідей жауап берді:
«Жақсы пікіріңізге рақмет. Мен Германияда кәсіби футболшылармен жұмыс істедім. Қазіргі орнымызға көңілім толады. Қазақстан — керемет ел, халқы өте жақсы әрі мейірімді», – деп неміс бапкерінің сөзін келтіреді KazFootball.kz.
44 жастағы неміс маманы Германия мен Швейцария командаларындағы жұмысы арқылы танымал, ал 2023 жылдан бері Лихтенштейн құрамасын жаттықтырады.
Қазақстан — Лихтенштейн матчы алаң иелерінің 4:0 есебімен айқын жеңісімен аяқталды. Галымжан Кенжебек дубль авторы атанды. Тағы бір голды Бахтиер Зайнутдинов пен Әлібек Қасым соқты.