locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Кенжебектің голы УЕФА үздіктері қатарына енді. Ол Мбаппе мен Оярсабальмен бәсекеге түспек

Ғалымжан Кенжебектің голы – әлем чемпионаты іріктеуінің үздіктері қатарында!
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Видео. Кенжебектің голы УЕФА үздіктері қатарына енді. Ол Мбаппе мен Оярсабальмен бәсекеге түспек
ФОТО: KFF

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебектің Лихтенштейн қақпасына соққан керемет голы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі 7-турдың ең үздік голдары қатарына енді.

«Елімай» ойыншысы матчтың алғашқы минуттарында алыстан дәл соққы жасап, есеп ашқан болатын. Бұл әсерлі гол УЕФА нұсқасы бойынша турдың ең әдемі добына үміткер атанды. Қарсыластар қатарында әлем жұлдыздары - Килиан Мбаппе, Александр Зеленков және Микель Оярсабаль бар.

Айта кетейік, бұған дейін Ғалымжан Кенжебек Sofascore нұсқасы бойынша турдың символикалық құрамына енген болатын. Ол 9.8 ұпай жинап, бүкіл іріктеу кезеңіндегі ең жоғары нәтижелердің бірін көрсетті.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie