Әлемге әйгілі басылым Сатпаевтың «Бернлидегі» алғашқы кезеңіне баға берді
Әлемге әйгілі ағылшындық The Sun басылымы «Челсиден» жалға «Бернлиге» ауысқан Дастан Сатпаевтың жаңа клуб сапындағы алғашқы төрт матчын бағалады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Портал шолушылары Қазақстан құрамасының шабуылшысы жаңа командасындағы алғашқы төрт матчында нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмағанына қарамастан, «клареттердің» ойынына өз үлесін қосып, жанкүйерлерді қуанта алғанын атап өтті:
«Сатпаев шабуылшысы Чемпионшипте «Бернли» сапында ойнайды. Алғашқы төрт матчында гол соға алмағанына қарамастан, жанкүйерлерді өз ойынымен тәнті етіп үлгерді. Алайда өткен демалыс күндері ол «Бристоль Ситиге» қарсы матчқа қатыспады және, өкінішке қарай, санның артқы бұлшықетінен жарақат алды. Оның бірнеше апта бойы алаңға шыға алмайтыны күтілуде».
Еске салайық, қазір Сатпаев жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр. Ол жарақатты Чемпионшиптің «Мидлсброға» қарсы матчында алған.