Ла Лигадағы «Барселона» – «Жирона» матчының құрамдары белгілі болды. Ямаль негізгі құрамда ма?
Каталония дербиі – жақындап қалды
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
18 қазан күні Ла Лиганың тоғызыншы туры аясында Каталония дербиі – «Барселона» мен «Жирона» арасындағы тартысты кездесу өтеді. Командалардың бапкерлері матчқа арналған ойыншылар тізімін жариялады.
Ламин Ямаль жарақатынан айығып шыққаннан кейін негізгі құрамнан тыс қалады деп күтілген еді, алайда «Барселона» бас бапкері Ханси Флик сенім білдіріп, оны бірден старттық ондыққа қосты.
- «Барселона»: Щенсны, Ямаль, Бальде, Гарсия, де Йонг, Касадо, Кубарси, Кунде, Педри, Рашфорд, Фернандес.
- «Жирона»: Гассанига, Блинд, Ванат, Рейс, Витсель, Мартинес, Морено, Порту, Рока, Ринкон, Хиль.
Матч «Монжуик» стадионында өтеді және Астана уақыты бойынша 19:15-те басталады. Бұл ойынды қайдан тамашалауға болатыны белгілі.