locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

93-минуттағы гол: Араухо жеңіс сыйлап, «Барселонаны» Ла Лиганың көшіне шығарды

Араухоның соңғы минуттағы голы «Барселонаны» Ла Лиганың шыңына шығарды
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
93-минуттағы гол: Араухо жеңіс сыйлап, «Барселонаны» Ла Лиганың көшіне шығарды
ФОТО: Getty images

18 қазан күні «Олимпий» стадионында өткен Ла Лиганың 9-туры аясындағы матчта «Барселона» мен «Жирона» тартысты ойында кездесті. Кездесу соңғы секундтарда шешімін тауып, Флик шәкірттері жеңіске жетті - 2:1.

Ойынның алғашқы минуттарында алаң иелері шабуылын нәтижелі аяқтап, 13-минутта Педри есеп ашты. Алайда көп ұзамай 20-минутта Аксель Витсель таразы басын теңестірді.

Бір ұпай үшін барын салған «Жирона» қорғаныста тығыз ойнады, бірақ 93-минутта Рональд Араухоның баспен соққан добы каталондықтарға жеңіс сыйлады.

Ла Лига. 9-тур

«Барселона» — «Жирона» — 2:1 (1:1)

Голдар: Педри, 13 (1:0). Витсель, 20 (1:1). Араухо, 90+3 (2:1).

Бұл жеңіс «Барселонаға» 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді. Ал «Жирона» 6 ұпаймен 19-орында қалып, түсіп қалу аймағынан шыға алмады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie