Конференциялар Лигасының АПОЭЛ – Астана матчын қайдан онлайн көруге болады
Футбол
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: Instagram
19-20 желтоқсан түні "Астана" Конференция Лигасының топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізеді.
Алтыншы турда қазақстандық клуб сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ командасымен кездеседі. Ойын Никосия қаласында өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын "Qazsport" телеарнасынан көруге болады.
Бұл кездесуге дейін АПОЭЛ 10 ұпаймен топта 10-орында, ал "Астана" 4 ұпаймен 28-орында тұр.